Жақында, ауданға арналған Үржардағы тұрмысқа, жұмысқа, бизнеске керек бот жасадық. Сілтемесі: @urdzharbot Әзірше жасай алатын дүниесі аз, алай да мүмкіншілігі мол. Сол жақын арада бот жасай алатын нәрсенің қысқаша тізімін жазайын:
1 Халыққа керек ақпаратты беру: автобекет,әуе касса, ЦОН (ХҚКО) және тағы басқа мекемелер телефон нөмерлерін, мекен-жайлары туралы ақпарат ретінде салу. Әр кезде бұл ақпараттар керек.
2. Мемлекеттік, коммуналдық мекемелердің жедел халыққа ұсынатын, жариялайтын хабарлама-ақпараттарын салу. Мысалы, Үржарда су құбыры жарылды немесе соған қатысты жөндеу жұмысы басталады делік, енді сол туралы хабарды, негізі, тек орталықтандырылған су құбырына қосылған көпқабатты және дара үйлер тұрғындарына жеткізу керек.
2.1 Комхоз мекемесі жіберетін ақпаратты бізге (админге) жіберсе (тәсілдері көп), бот автоматты түрде өзіне жазылған подписчиктерге (мүшелерге) немесе бот-тан сұратқан жандарға актуалды ақпарат бере алатын болады. Тағы осы сияқты басқа да проблемалар мен мәселелерді шешуге болады.
3. Бизнеске де қолдану — өте пайдалы. Әсіресе бизнесмендерге. Өз тауары мен қызметтерін бот арқылы сатып, жасауға болады.
4. Жұмыста қолдану: мысалы, ЕГОВ боты. Көптеген қызметтер мен сервистерді бере алады.
Әдетте 2. (екінші) пункте көтерілген мәселе бойынша: ондай хабарламаны тарату былай жасалады:
1 Комхоздағы (мекеме) жауапты адам, өз туысқандарына, таныстарына, достарына мессенджер (ватсап, телеграм, вайбер) арқылы жібереді. Әрине бәріне телефон соғу мүмкін емес.
2 Комхоздың немесе сонда істейтін адамның әлеуметтік желіде (инстаграм, фейсбук, вконтакте және т.с.с) аккаунты болса, сол арқылы өзінің туысқан, дос-жаран, подписчиктеріне, жалпы бірінші ойында бар, екінші көзі шалған адамдарға хабарламаны жібереді, немесе пост (мақала) жариялайды.
3 Енді сол хабарламаны алғандар ішінде осы проблемаға қатысы бары да, жоғы да хабардар болады.
Яғни, мысалы, кенседе(офисте) өзіңмен өзің жұмысыңды істеп отырсаң, неше түрлі хабарламалар келеді, соның ішінде жоғарыда айтылған да бар делік. Ал, мен дара (частный) үйде тұратын, суым өз құдығымнан шығатын адам болсам, маған бұл ақпарат мүлдем керек емес. Сол сияқты хабарламалар күнімен топ-тобымен түседі. Конкретно айтқанда мешать етеді. Әрине бұл жерде адамдар айтуы мүмкін: «отписать етуге болады, тағы да басқа шешімдері бар«,- деп. Келісемін, бірақ толықтай шешпейді деп ойламын.
4. Осы су құбырына қатысым бар адам болсам, осы хабарламаны оқып, ой-елегінен өткізіп, жеке құдығым болмаса, суды молырақ алып қою жұмыстарымен айналысатын боламын.
Әрдайым әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде өзімізге керек емес, керек болса да, аз қолданылатын, пайдаланатын ақпараттарға подписаться етіп, топтарға кіріп аламыз да басымыз қатып отырады. Әсіресе мессенджерлерде без звука қойып, содан ең керек кезде соңынан көріп, «қап, әттеген«,- дейміз.
Бұл жоғарыда көтерілген мәселедегі тоқетер шешім, телеграм боттар арқылы. Қазір дәлелдеп берейін:
1) Телеграм мессенджері көпке танымал ватсап сияқты құрал. Мүмкіншіліктері ватсаптан да асып түседі. Сол құралдардың бірі: виртуалды көмекшілер — БОТТАР.
2) Бот — күн, түн демейтін құрал. Бот арқылы тек өзіңізге керек ақпаратты ала аласыз. Тек интернеті бар смарфон, телеграм болса жеткілікті.
3) Мәліметтер актуалды, тура сол мезеттегі тура, нақты ақпараттар болады. Мысалы, валюта бағамы. Күн, сағат, минут сайын ауысатын валюта курсы.
4) Бот көп интернетті қажет етпейтін, слабый интернет желісінде істей беретін таптырмас көмекші. Мысалы, бір инстаграмға кіргенде талай сурет пен видеолар уақытша сіздің құрылғыға көшірілетін білесіз бе? Ал телеграм бот тек сұратылған ақпаратты береді. Жалпақ тілмен айтқанда мегабайтыңызды үнемдеп, ұқыпты, тек керек нәрсеге жұмсауыңызға болады. Тағы да көп мүмкіншіліктері мен артықшылықтары бар. Бәрін осы жерде жеткізу қиындау.
Соңынан қайыра келгенде, өз ауданымызда жасалып жатқан дүниеге өз үлестеріңізді қосыңыздар. Телеграм ботымызға басқа қандай сервистер қосуға болады?. Ақпараттарыңыз, өз ойларыңыз, бизнес идеяларыңыз болса, хабарласыңыз. Аккаунтым, әрине, телеграмда: @eotinishhelp
Ақпаратты телеграм, ватсап чаттарда таратып, әлеуметтік желіде бөлісе отырыңыздар!