Чт. Ноя 21st, 2024
ASHYQ ÁKІMDIK - Ашық әкімдік - Сервисный акимат


ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ерлан Жалмағамбет Үржар ауданында болып қайтты. Сапар «Шығыс — Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт, қоғам өкілдері және БАҚ қатысуымен жүзеге асырылды.

Аудан әкімінің қатысуымен кездесудің басты оқиғасы заманауи сервистік әкімдіктің тұсаукесері болды. Ол азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы жаңғыртылған форматта жұмыс істейді, онда: күту залы, кеңес беру алаңы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ақпараттық стендтер, WI-Fi желісі, балалар бұрышы бар және мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы жағдайлар қарастырылған. Мұнда әрбір азамат сәулет және аудан құрылысы, жер қатынастары, әлеуметтік сала және басқа да қызықтыратын мәселелер бойынша қажетті қызметтер мен кеңестер ала алады.

Үржар ауданының «ASHYQ ÁKIMDIK» қызметі ашықтық, қол жетімділік, есептілік және тұтынушыға ең басты бағыт-бағдар көрсету ұстанымдары бойынша жұмыс істейді. Бұл логотип Шығыс Қазақстанның бүкіл аумағында бірыңғай болып табылады және оның тұрғындарының танымал брендіне айналады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Мәселен, сервистік әкімдіктердің ашылуы жергілікті атқарушы органдар қызметі арқылы тұрғындар үшін қолжетімді әрі ашық болады, бұл халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Автор remont.urjar.kz

Айтымов Арнур - веб-сайт әкімгері.