Site icon remont.urjar.kz

ЭСҚ-ны ұзарту

ХҚКО бармай Заңды тұлғаға ЭСҚ-ны ұзарту

PKI.GOV.KZ сайтындағы Жеке кабинет арқылы Электрондық сандық қолдаңбаны (ЭСҚ) Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ұзартуға болады.

Бірақ есіңізде болсын, ЭСҚ жұмыс істеу уақыты мерзімінен өтіп кетпеу керек.

Ары қарай төмендегі суреттер арқылы қарап көруіңізге болады.

PKI.GOV.KZ сайтында Жеке Кабинетке кіру қажет
Мерзімі өтпеген заңды тұлға кілтімен кіру
AUTH_RSA256…. деп басталатын ЭСҚ кілтін таңдау
ЭСҚ кілтсөз (пароль) теріп Қол қою батырмасын басу қажет
Жеке кабинетте МЕНІҢ ЭЦҚ КІЛТТЕРІМ-ге кіріп, ЭЦҚ КІЛТТЕРІН ҚАЙТА ШЫҒАРУ-ды таңдау қажет
ЭСҚ сақталған орнын көрсету керек
Қол қою, яғни екінші кілт Gost_…. арқылы кіру қажет
Келісім шарттарын қабылдау
Кілтті компьютерде сақтайтын болсаңыз, Дербес компьютерді таңдап, сақтау папкасын көрсетіңіз.
Жаңа өтінімге келісу үшін суреттегідей жасау керек
Өтінім жібергеннен соң жаңарту батырмасын басу керек
О бастан өтінім жіберілген папканы көрсетіп, жаңадан кілтсөздерді жазу керек. Соңында СЕРТИКАТТАРДЫ ЖҮКТЕУ батырмасын басу қажет.

Сұрақтарыңыз болса сайттағы төмендегі түйіндемелер жазатын жерде өз сұрағыңызды, пікіріңізді қалдыруға болады.

Бөлісу | Поделиться:
Exit mobile version