NCALayer үшін SSL-сертификаты мерзімінің аяқталуына байланысты 01.06.2022 ж. бастап қосымшаға жаңарту жүргізілді.
❗️Осыған байланысты ЭЦҚ пайдаланатын ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу кезіндегі ақауларды жою үшін қосымшаны NCALayer жаңа нұсқасына қайта орнату қажет.
❓ЭЦҚ кілттерін қолдану барысында аутентификация және қол қою кезінде қателер анықталған жағдайда:
• NCALayer-ді қайта іске қосыңыз;
• қате қайталанған жағдайда ескі нұсқаны жойып, pki.gov.kz/ncalayer сілтемесі арқылы жаңа нұсқаны жүктеп алып, орнатыңыз.
NCALayer жаңартылған нұсқасын орнатуды тексеру үшін:
• «Модульдерді басқару» бөлімін ашыңыз;
• модульді жаңарту күнін қараңыз, жаңарту күні 01.06.2022ж болуы керек.